12 маусым 2015 11:34

Өскемен түлегі ҰБТ-ға 7 телефон алып кірмекші болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Өскемен түлегі ҰБТ-ға жеті телефон алып кірмекші болған, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Өскемен түлегі ҰБТ-ға жеті телефон алып кірмекші болған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, құрылғылардың барлығын тестілеу пунктіне кіретін жерде кеңесшілер тауып алған. Күзетшілер телефондарды тек қалталардан емес, шұлықтың ішінен де тапты.

"Телефон алдымен күртенің алдыңғы қалтасынан табылды, жігіттен оны тапсыру сұралды. Ол абыржыған жоқ, тапсырды. Келесі телефон шалбардың алдыңғы қалтасынан шықты. Үшіншісі - артқы қалтада, төртіншісі - ішкі қалтада, бесіншісі белдіктің айылбасында болды. Осымен болған шығар деп ойладық. Бірақ тағы бір гаджет шұлықтың ішінен шықты, сөйтіп жігіт алтыншы телефонды алып шықты. Түлек қайта тексерілді, жетінші телефон бәтеңкенің табанына жасырылғаны белгілі болды", - дейді ШҚО білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев.

Түлектің тосын сыйлары мұнымен де бітпеген. Оның белдігінен өте көп шпаргалка шығыпты. Ол шпаргалкаларды орап, белдігінің астына қорамсақтай етіп тізген. Білім басқармасындағылардың айтуынша, түлек ҰБТ-да 117 балл жинапты.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети