29 наурыз 2016 10:45

Өскемен тұрғыны қала маңынан 20 иттің өлексесін тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алексей Божков\yk-news.kz © Алексей Божков\yk-news.kz

Өскемен тұрғыны қалаға жақын маңнан 20 иттің өлексесін тауып алды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Өскемен тұрғыны қалаға жақын маңнан 20 иттің өлексесін тауып алды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Ер адамның айтуынша, таяу күндері ол Алматы тас жолымен қаладан шыға берісте иттердің өлекселерін байқап қалған. "Шамамен он шаршы метрдей жерге өлген иттердің денесі тасталыпты, ал олардың қасында мысық немесе күшік болуы мүмкін үй жануарларының да денелері салынған қалталар жатты. Кейбір иттердің асыл тұқымды екені анық. Сол маңға жақын жерде өлген тотықұсты да байқадым. Бұл жануарлардың өздері өлгенін немесе біреудің өлтіргенін анықтау қиын болды", - деді сол жерге барған құқыққорғаушы Алексей Божков.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. "Жануарлардың денелері санитарлық нормаларға сәйкес көмілді. Қазір біздің қызметкерлер өлекселерді тастаған адамды табумен айналысып жатыр. Ол заң бойынша жауапкершілікке тартылады", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети