07 сәуір 2017 17:14

Өскемен вокзалы күмәнді пакет үшін қоршауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Өскемендегі "Защита" теміржол станциясында күмәнді пакет үшін пойыз күтіп тұрған және енді келген ондаған жолаушы эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскемендегі "Защита" теміржол станциясында күмәнді пакет үшін пойыз күтіп тұрған және енді келген ондаған жолаушы эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қоргау органдарының өкілдері станцияда және станция аумағанда тұрған адамдарды эвакуациялады. Сондай-ақ, олар сонда көлігін қойып кеткен жүргузішілерге көліктерін басқа жерге қоя тұруын айтқан.

"Мен Алматыдан пойызбен келген анамды күтіп алып жатқанмын. Ғимараттың ішінде біреу күмәнді зат тауып, полицияны шақырған көрінеді. Содан ғимараттағы барлық адамды эвакуациялай бастады. Құқық қорғау органдарынданың өкілдері, жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктері жүрді. Ешкімді өткізбей жатыр. Барлық жолаушы жедел түрде қауіпсіз жерге көшірілді", - дейді куәгер Рустам.

Өскемен қалалық ІІБ өкілдері қазіргі уақытта "Защита" станциясының аумағында арнайы операция жүргізіліп жатқанын растады. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарындағылар әлі хабарламады.

Бұл жағдай пойыздардың қозғалысына әсер ете ме, жоқ па әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети