Өскеменде 13 жастағы бала өрт кезінде зардап шекті

08 Сәуір, 10:54
0
Өскеменде 13 жастағы бала өрт кезінде зардап шекті - Сурет Өскемен ТЖБ баспасөз қызметінен
Сурет Өскемен ТЖБ баспасөз қызметінен

ШҚО-да жеке үйде болған өрт салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды YK-news.kz

6 сәуірде Өскемен қаласында Малдыбаев көшесіндегі екі қабатты үйден өрт шықты. 

"Бірінші қабатта орналасқан шеберханада тұрмыстық заттар мен киімдер өртенген", - деді Өскемен ТЖБ баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өрт аумағы үлкен емес, алайда тұрғындар өртті өздігінен сөндірмекші болған уақытта, термиялық күйік шалған. 

"1968 жылғы ер адам мен оның 2006 жылғы өгей баласы күйіп қалған. Олар дереу ауруханаға жеткізілді", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 


Сурет Өскемен ТЖБ баспасөз қызметінен

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай