08 сәуір 2017 18:33

Өскеменде ағаш жаңқасынан тақтай шығаратын зауыт өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде ағаш жаңқасынан плита шығаратын зауыт толықтай өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.


Өскеменде ағаш жаңқасынан плита шығаратын зауыт толықтай өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, өрт 1 мың шаршы метр жерді жалмаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 5 сағат бойы арпалысты.

Абырой болғанда, өрттен қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Себебі өнеркәсіп орны демалыс күндерге жабық тұрған. Өскеменнің төтенше жағдай басқармасының алдын ала мәліметінше, өртке кәсіпорындағы технологиялық процесс ретінің бұзылуы себеп болуы ықтимал. Жуырда ғана іске қосылған зауыт Қазақстанға Ресей, Чехия мен Румыниядан жасалатын ағаш жаңқасы импортының 50 пайызының орнын алмастыруы тиіс болған еді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети