07 желтоқсан 2016 17:52

Өскеменде әскери қызметші көпірден Ертіс өзеніне секіріп кеткен қызды құтқарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© toptyumen.livejournal.com © toptyumen.livejournal.com

Өскеменде Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Ертіс өзеніне көпірден секіріп кетіп, өз-өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып алды. Ер адам өзенге секіріп, қызды мұзды судан алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскеменде Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Ертіс өзеніне көпірден секіріп кетіп, өз-өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып алды. Ер адам өзенге секіріп, қызды мұзды судан алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланының "Шығыс" Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, 3477 әскери бөлімінің екі қызметшісі көпірдің маңында болған. Куәгерлер оларға бір қыздың Ертіс өзеніне секіргенін хабарлаған. Кіші сержант Әділет Қыдырмолдин суға кетіп бара жатқан қызды құтқаруға кіріседі. Осылайша ол қала тұрғынын судан алып шығалы. Әскериге қала тұрғындары көмектесіп, кейін қыз ауруханаға жатқызылған.


Қызды құтқарған Әділет Қыдырмолдин мен Гүлэахан Тасмағамбетова. © Altaynews.kz

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев. - Қыздың бұл қадамға не себепті барғанын анықтаймыз".

ІІД өкілдерінің айтуынша, батыл әрекет еткен әскериді марапатқа ұсыну мәселесі қарастырылып жатыр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети