05 мамыр 2017 15:01

Өскеменде автобус өртеніп, жүргізуші күйіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде жол үстінде қоғамдық көлік өртеніп, көлік жүргізушісі күйіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Өскеменде жол үстінде қоғамдық көлік өртеніп, көлік жүргізушісі күйіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға туралы куәгерлер айтып берді. "Біз КШТ аялдамасында тұрғанда автобустың өртеніп жатқанын көрдік. Басында автобус түтіндеді, бір кезде тоқтады, жолаушылар қоғамдық көліктен түсіп қалды. Өрт лезде шықты", - дейді оқиғаның куәгері Олег. 

Біздің порталдың оқырмандары оқиғаның видеосын бөлісті. ШҚО ІІД өкілдері қоғамдық көлікте шыққан өрт бірнеше сағат бұрын болғанын мәлімдеді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі аттанған. 

"Қоғамдық көлік тура жолдың бойында өртенген. Өрт аумағы шамамен 10 шаршы метр болды. Өртті сөндіру үшін біздің қызметкерлер оқиға орнына аттанды. Жолаушылардан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ автобустың жүргізушісі күйіп қалды. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети