28 сәуір 2017 18:45

Өскеменде ер адам ұялы телефон қуаттау құралы жарылып, зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © AppleInsider.ru Иллюстрациялық сурет © AppleInsider.ru

Өскеменде жергілікті тұрғынның болжаммен телефон қуаттау құралы жарылып, ауыр жарақаттар алды: басы зақымданған, қолы мен денесі күйіп қалған. Зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО ішкі істер департаментінің мәліметінше, бұл оқиғаға 46 жастағы ер адам тап болған. "Ол өз үйінде қуаттау құрылғысын (іске жарамсыз болуы мүмкін) розеткаға қосқан уақытта қысқа тұйықталып, өрт шыққан. Ер адамның денесі күйіп қалған және кей жерлерін зақымдап алған. Ол аурыханаға жеткізілді", - деді облыстық ІІД өкілдері.  

Алдын ала мәлімет бойынша, ұялы телефонның қуаттау құралы жарылған. Гаджеттің маркасы белгісіз. Ер адам түскен бірінші қалалық ауруханасындағы дәрігерлердің айтуынша, оның беті, кеудесі және қолдары күйіп қалған. Сонымен қатар, саусақтары қатты зақымданған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети