07 наурыз 2016 15:44

Өскеменде Жаңа жыл қарсаңында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ok.ru © ok.ru

6 наурызда қалалықтар Үлбі өзенінен қыз баланың денесі табылғанын полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары мәліметті құтқарушыларға жолдап, кейін олар қыздың мәйітін судан шығарып алды. Ол Өскеменде Жаңа жыл қарсаңында жоғалып кеткен Ольга Жукова болып шықты, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Еске салайық, 24 жастағы Ольга Жукова 2015 жылдың 13 желтоқсанында жоғалып кеткен болатын. Қыз құрьысымен бірге пәтер жалдап тұрып жатқан. Жоғалу алдында ол үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны полицейлер мен еріктілер іздеді. Ал үш апта бұрын тәртіп сақшылары Ольга Жукованың жоғалу ісін "Іздестіруден" "Кісі өлтіруге" ауыстырып, осы арқылы істі басқа шаралар арқылы ашуға болатынын түсіндірген еді.

ШҚО ІІД өкілдерінен жедел ақпарат алу мүмкін болмады.  

Айта кетейік, Ольга Жукованың артында төрт жасар баласы қалды. Тағы бір айта кетерлігі, жоғалу алдында ол әлеуметтік желідегі аккаунтында баласынан кешірім сұрапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети