11 қараша 2015 17:57

Өскеменде жас қыз полицейлердің алдында тыр жалаңаш шешінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dresslovers.pt © dresslovers.pt

Шығыс Қазақстан облысының 21 жастағы тұрғыны полицейлердің алдында стриптиз ұйымдастырды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Шығыс Қазақстан облысының 21 жастағы тұрғыны полицейлердің алдында стриптиз ұйымдастырды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Жас қыз Өскеменнің орталығында дәмханаға келушілермен жанжалдасып тұрғанда ұсталды. Полиция жасағы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жанжалға қатысқандарды жақын жердегі бөлімшеге алып барды. Жолда жас қыз өзін агрессивті түрде ұстап - құқыққорғаушының күртесін жұлқылап, йығынан бірнеше рет ұрды.

Қыз бөлімшеге жеткізілгеннен кейін полицейдің бетінен тебіп, өз басын асфальтқа ұра бастады және тамырын сырғасымен кеспекші болды. Осыдан кейін ол өзін қайта агрессивті ұстап, құқыққорғаушының пагонын жұлып алуға тырыста, ер адамды бетінен ұрып, фуражкасын жұлып алып, жерге лақтырды.

Тәртіп сақшылары қыздың қолына кісен салуға шешім қабылдады. Бұл ойды да бірден жүзеге асыру мүмкін болмады, себебі қыз қарсылық танытып, өзін өлтіремін деп қорқытты. Қолына кісен салынғаннан кейін ол тынышталғандай көрінді. Алайда ол кісенді шеше салысымен "өнерін" қайта көрсете бастады. Ол шалбарын шешіп бөксесін көрсетіп, соңынан кеудесін жалаңаштады.

Мамандар жас қызды тоқтатуға тырысты. Алайда ол жерге құлап, полицейді бетінен теуіп, ернін жарды. Осыдан кейін қыз бөлімшеден полиция бөліміне жеткізілді. Қыздың Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша жауап беруіне тура келді. Өскеменнің №2 соты оның бас бостандығына екі жылға шектеу қойды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети