23 маусым 2015 17:00

Өскеменде жігіттер шөптен жасалған аюға мініп "серуендеу" үшін мүсінді ұрлап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yk-news.kz © yk-news.kz

Облыс орталығындағы Қазақстан көшесіне сәндік үшін қойылған аюдың мүсінін велосипедші жігіттер алып кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Облыс орталығындағы Қазақстан көшесіне сәндік үшін қойылған аюдың мүсінін велосипедші жігіттер алып кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, жігіттер аюдың үстіне шығып, суретке түспекші болған. Фотосессия олардың алдынан полиция патрулі шыға келгенде аяқталған.

"Біз аюды көріп, суретке түсуді ұйғардық. Мүсін жерге орнатылмаған екен. Ол шөптен жасалғандықтан өте жеңіл, сондықтан оны көтеріп алып өзімізбен бірге алып кеттік. Жол бойы аюдың үстінде жүріп келе жатқандай етіп, бірнеше рет суретке түстік. Полицейлер көлігінің дабылы естілген сәтте мүсінді тастап, велосипедтерімізге отырып жан-жаққа кетіп қалдық", - дейді оқиғаға қатысқандардың бірі.

Айта кетейік, "оқиға орнында" түсірілген суреттерді жігіттердің өздері әлеуметтік желіде жариялаған. Аю өз орнында емес, көпір жанындағы ағаштардың арасында жатқан, алайда әкімдіктегілер мен ІІБ мамандары бұл ақпаратты растамады. Ресми мәлімет бойынша, мүсіннің жоғалып кеткені туралы хабар да түспеген. Ал қалалық әкімшіліктегілер аю мүсіні орнында тұр деп жауап берді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети