21 желтоқсан 2016 23:16

Өскеменде жоғалып кеткен қыз ұрланғаны жайлы оқиғаны ойдан шығарған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәртіп сақшылары 15 жастағы Наталья Угольниковадан жауап алғаннан кейін қыздың алып қашу құрбаны болғаны жайлы оқиғаны ойдан шығарғанын айтты. Мектеп оқушысы үйінен кетіп қалғаннан соң, бірнеше күн бойы достарының үйінде болып, үйіндегілер ұрысады деп қорыққандықтан, біреулердің еркінен тыс ұстап отырғаны туралы оқиғаны ойлап шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 желтоқсанда мектепке барар жолда жоғалған қыз бүгін табылған еді. Ол туыстарына және полицейлерге белгісіз біреулердің алып кетіп, әуежай маңында ұстап отырғанын айтқан болатын. 

"Наталья жауап бере бастаған соң, оның әлденені жасырып отырғаны анық болды. Ол оқиғаның мән-жайын айту кезінде шатасумен болды, осыдан оның оқиғаны ойдан шығарып отырғаны белгілі болды. Кейін ол ешкімнің де алып кетпегенін, үйінен өзінің кетіп қалғанын айтты", - деп хабарлады ШҚО ІІД өкілдері.

Құқыққорғаушылары Натальяны үйіне жіберді. Енді оқушы қыз бұл жайды ата-анасына түсіндіруі керек. "Тірі табылғаны жақсы, енді өзімен жақсылап әңгімелесеміз. Қаншама адам көмектесіп, қаншамасы елеңдеді, енді ұят. Соған қарағанда, ол құрбысының үйінде болған, кейін ұрыс естимін деп қорқып, осы оқиғаны ойлап тапқан. Мектепте проблемалары болып, барғысы келмеген шығар. Әлеуметтік желілердегі анкетасын өшіріп тастапты. Әрине, қазір отбасында осы мәселені шешеміз", - мектеп оқушысының әпкесі Екатерина.

Еске салайық, Наталья Угольникованы туыстары, еріктілер және полицейлер іздеген болатын. Оқушы табылғаннан кейін, оны біреулердің ұстап отырғанын, кейін жібере салғанын айтып берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети