06 қыркүйек 2016 14:54

Өскеменде қыздар Instagram желісіне қызықты видео салу үшін ер адамға көпірден секіруді ұсынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Өскеменде өз-өзіне қол жұмсамақшы болған ер адам түсірілген видео Қазнетті дүрліктірді. Екі қыз Үлбі өзеніндегі көпірде отырған ер адамның қаза бола жаздаған сәтін видеоға түсірмекші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, куәгерлер бұл видеоны Instagram желісіне жүктеу үшін ер адамнан өзенге секіруін сұраған.

Белгісіз ер адам бұл ұсыныспен келісіп, енді секірейін деп жатқанда өтіп бара жатқан адам оны құтқарып қалыпты. Сонда да қыздар ер адамнан олардың өтінішін орындауын сұрап қоймаған. Сонымен қатар, белгісіз қыздар егер де ер адам өзенге секіретін болса, оны смартфонға түсіріп алатынан айтқан.

Айта кетейік, ШҚО ІІД өкілдеріне бұл оқиға туралы ешкім де хабарламаған. Жедел жәрдем қызметінің көмегіне де ешкім жүгінбеген. Осыған қарағанда, ер адам кетіп қалған.

"Егер де бұл оқиғаның зардаптары болғанда, тіпті қайтыс болған жағдайда бұл қыздар ер адамға көмек көрсетпегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын еді", - деді заңгер Алексей Божков. - Сонымен қатар, ол ер адамның өзі де қыздардың оған моральдық залал келтіргені үшін сотқа шағымдана алады. Ер адам қыздарға оны видеоға түсіруге және оны жариялауға рұсқат береді деп ойламаймын".

Еске салайық, осыған дейін Өскеменде 17 жастағы жігіт Ғашықтар аллеясында көпірден секіріп, қайтыс болған еді. Қайғылы оқиға 5 шілдеде болды. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім өзеннің маңында селфи түсіру үшін Пермитин көшесі аумағындағы жақтауға шығып алған. Содан ол суға құлап, қатты ағынмен суға батып кеткен. Айта кетейік, жігіттің денесі әлі уақытқа дейін табылған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети