20 маусым 2016 17:45

Отарда қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасының кадры КТК телеарнасының кадры

ҚР Қорғаныс министрлігіндегілер сарбаздың қайтыс болуы жайлы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саян Сатыбаевтың суицид жасау дерегі бойынша арнайы комиссия құрылды.


ҚР Қорғаныс министрлігіндегілер сарбаздың қайтыс болуы жайлы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саян Сатыбаевтың суицид жасау дерегі бойынша арнайы комиссия құрылды.

Министрліктің мәліметінше, денені зерттеу барысында механикалық асфиксияның болғаны анықталған. "Ішкі органдардың, омыртқаның, қабырғаның және өзге де сүйек жарақаттарының зақымы болмаған", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Сот-медициналық сараптама маманының айтуынша, ҚР ҚМ әскери медицина орталығының маманы Бақтияр Мұздыбаевтың айтуынша, денедегі терінің көгеруі мәйіт белгілері.

"Мәйітті зерттеу барысында мойында қылқындыру жүлгесі болған, сонымен қатар басқа да көгерген болмашы зақымдар болған, мұның барлығы зерттеу барысында анықтап жазылды. Кеуденің оң жақ жоғары тұсында бесінші қабырғада медициналық манипуляция іші болды, ол жансақтау шаралары кезінде пайда болған. Денені зерттеу барысында өзге зақымдар болмаған", - делінген сот-медициналық сараптамада.

Қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіндегілер қорытынды сараптаманы сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатқан қылмыстық қудалау органдары бекітілген тәртіпте бір ай ішінде жолдайды.  

Айта кетейік, қаза болған сарбаздың туыстары Саян суицид жасады дегенге сенбей отыр. Олардың айтуынша, жігіт тойға дайындалып жүрген және суицид жасауы мүмкін емес. 

Еске салайық, ресми мәлімет бойынша, сарбаз 5 маусымда Жамбыл облысындағы Отарда суицид жасаған. Оқиға 82796 әскери бөлімінде болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети