Қарағанды облысында ер адам ұлына өзінің туған баласы емес екенін айтқан, сол кезде баласы ашуға булығып, әкесіне пышақ салған, - деп жазады "Наша Ярмарка".
Қарағанды облысында ер адам ұлына өзінің туған баласы емес екенін айтқан, сол кезде баласы ашуға булығып, әкесіне пышақ салған, - деп жазады "Наша Ярмарка".
Сәтбаев қаласының тұрғыны Геннадий Зуев жалғыз ұлын өз баласы емес деп есептеп келген. Алайда бұған дәлел ретінде ештеңе айта алмаған. Ұлы 33 жасқа келгенше бұл туралы білмей келген.
Алкогольдік ішімдікке мас болған Геннадий Зуев отбасылық жанжал болып жатқан кезде ұлына (Олег Зуевқа) өзінің күдігін айтқан. "Ол мас күйінде еді, маған тиісіп, жаман сөздер айта бастады, бір кезде жұдырық жұмсай бастады. Мен осы жағдайға шыдай алмай, асхана пышағын алып, кеуде тұсынан пышақ ұрдым. Осыдан кейін үйден шығып, болған жайтты әпкеме айттым", - дейді Олег Зуев.
Дәрігерлер Геннадий Зуевті аман алып қалған. Әкесі ұлын кешіріп, өз кінәсі екенін айтып, ұлын бас бостандығынан айырмауды сұраған. Қылмыстың ауыр болғанына байланысты іс сотқа жіберіліп, судья Олег Зуевқа үш жылға бостандығын шектеу үкімін шығарған.