18 қараша 2015 10:21

Парижге ұшып бара жатқан екі ұшақ бортта жарылыс болады деген қауіптен бағытын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

АҚШ-тан Парижге ұшқан Air France әуе компаниясының екі ұшағы бортта жарылыс болады деген қауіптен бағытын өзгертті, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-тан Парижге ұшқан Air France әуе компаниясының екі ұшағы бортта жарылыс болады деген қауіптен бағытын өзгертті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Лос-Анджелестен Францияға 65-рейсті орындаған A-380 лайнері бомба туралы хабар келіп түскеннен кейін Солт-Лейк-Сити халықаралық әуежайына бағыт алды. Ұшақ бортында 497 жолаушы болған. Екінші ұшақ Вашингтоннан Парижге ұшып бара жатқан. Boeing 777 Галифакс әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында 298 жолаушы отырған.

Екі лайнердің жолаушылары эвакуацияланды. Билік жарылыс туралы келіп түскен хабарламаларды тексеріп жатыр.

Еске сала кетейік, терактілерден кейін Францияда төтенше жағдай режимі жарияланды. 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети