"Павлодар-Астана" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Павлодар-Астана" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Порталдың мәліметінше, Лебяжі аудандық ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары Мұхтар Мекішевтің айтуынша, кеше, 13 қазан күні рейстік автобус шамамен сағат 22.00-ге қарай Аққу ауылына жетпей, жолдан шығып аударылып қалған.
"Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Орталық ауруханаға 19 адам жеткізілді. Олардың барлығына дереу амбулаторлық ем көрсетіліп, төртеуі Павлодар қаласы №1 ауруxанасының нейрохирургия және жарақат бөлімдеріне жатқызылды", - деді Мұхтар Мекішев.
Айта кетейік, жол апатына ұшыраған автобуста барлығы 43 жолаушы болған.