17 ақпан 2019 15:30

Павлодар маңында жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты және төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Соққы салдарынан жеңіл көлік бірнеше бөлікке бөлінген. 


Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты және төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Соққы салдарынан жеңіл көлік бірнеше бөлікке бөлінген. 

Оқиға 17 ақпанда таңғы 10:27-де Омск-Майқапшағай тас жолында болған. Павлодардан 43 шақырым жерде Набережный ауылының маңында Ford және Honda автокілктері соқтығысқан. 

"Жол апаты салдарынан Honda автомобилінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушілер мен Ford көлігінде отырған екі жолаушы әр түрлі дене жарақатымен Павлодар ауруханасына жеткізілді", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

 Қайтыс болған екі азамат Достық ауылының тұрғындары - 1975 және 19788 жылғы. Зардап шеккендер 58-63 жас аралығында, оның екеуі Ертіс ауылының тұрғындары, тағы екеуі павлодарлықтар. Олардың бас сұйек миы зақымдалған, миы шайқалған және политравма алған. Зардап шеккен төрт адамның жағдайын дәрігерлер орта деңгейдегі ауырлық деп бағалады. 

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

"Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР ҚК 345-бабы бойынша жүргізіп жатыр. Барлық сараптамалар тағайындалды", - деді өңірлік полиция департаментінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети