19 сәуір 2017 12:28

Павлодар маңында із-түссіз жоғалған төрт жасар бала тереңдігі екі метр шұңқырдан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар маңында із-түссіз жоғалған төрт жасар бала тереңдігі екі метр шұңқырдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодар маңында із-түссіз жоғалған төрт жасар бала тереңдігі екі метр шұңқырдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицияның мәліметінше, баланың жоғалғаны туралы 18 сәуірде 21.00-де хабар түскен. Қоңырау шалған ер адам өзімен бірге тұратын әйелдің төрт жасар баласының жоғалғанын айтқан. 

Жедел іздеу шаралары жүргізілді. Баланы іздеуге 300-ге жуық полиция қызметкерлері, 5512 әскери бөлімнің қызмет етушілер, сондай-ақ кинологтар қызметтік-іздеу иттері жұмылдырылды. 

Бұл отбасының "Милиоратор" саябақ қожалығында тұратыны белгілі болды. Сол жерде бала белгісіз бағытта кетіп қалған. 

"19 сәуірде бала қала сыртындағы әскери-техникалық мектептің автодромындағы тереңдігі екі метрдей болатын шұңқырдан табылды", - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер. Полицейлердің айтуынша, бала қатты қорқып қалған. Жедел жәрдем қызметі баланы қарап шығып, облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы жақсарып келеді. 

"Осы дерекке қатысты баланың 42 жастағы анасына  Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы "Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы"бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети