19 маусым 2019 09:44

Павлодар облысында адамды өрттен аман алып қалған полицейге жұрт тәнті болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Полицей отқа оранған үйден 49 жастағы ер адамды қауіпсіз жерге шығарған. Оқиға биыл 25 мамырында Успен ауданындағы Галицкое ауылында болды, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі. 


Полицей отқа оранған үйден 49 жастағы ер адамды қауіпсіз жерге шығарған. Оқиға биыл 25 мамырында Успен ауданындағы Галицкое ауылында болды, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі. 

Үйдің иесі Оксана Сеник өрт шыққан сәтте қонақта отырыпты. Түтінді сезген 9 жастағы ұлы дереу қарындастарын оятып далаға шығараған. Көмек сұрап көшеге шыққанда учаскелік полиция инспекторы Ержан Бексолтанов алдынан шыққан.

"Құрбыларыммен бас қосуда отыр едім. Үлкен балам қоңырау шалып, үйдің іші түтін екенін айтты. Мен тез жиналып үйге келдім. Үлкен қызым әжесінің үйінде еді. Қалған төртеуі осы жерде тұрды. Мен үйге кіріп қарағанда өрт газ балоны тұрған бұрыштан шығып жатыр екен. Қатты қорқып кеттім. Полиция инспекторы үйде кім барын анықтап жатты. Көрші туралы тіптен ұмытып кеттік", - дейді ауыл тұрғыны Оксана Сеник.

Қызыл жалын көрші үйге лап қояған. Өміріне қауіп төнгеніне қарамастан Ержан Бексолтанов жалғыз басты ер адамды құтқаруға кіріседі.

"Осы үйге кірген кезде мына төбесі жанып жатты. Осындай ортаға дейін түтін болды. Кішкене еңкейдім де кірдім. Сосын комнатаға бардым. Осы комнатада үй иесі кереуетте отырды. Мына жерде киімдерін қарап, құжаттарын. Мына арада түтін болды. Үстінен келіп жатты", - дейді учаскелік полиция инспекторы Ержан Бексолтанов.

Оксана Сениктің үйінде қатар тұрған екі газ баллонның бірі көп ұзамай жарылады. Қауіп-қатерге қарамай лаулаған оттың ортасына қойып кеткен учаскелік полицейдің ерлігіне ауылдастары тәнті.

"Менің айтар алғысым шексіз. Бізге келгелі ауылымыздың өмірі жақсара түсті. Тәртіп орнады. Білімді азамат, өз ісін жетік біледі. Өмір болған соң түрлі жағдайлар болып жатады. Елгезек, бәріне үлгереді", - дейді Оксана Сеник.

Ержан Бексолтановтың құқық қорғау саласында қызмет еткеніне 10 жылға жуықтапты. Өзі бұл әрекетін ерлік емес, қызметтік міндет деп санайды.

"Газ баллон жарылса да біреудің өмірін алып кетуші еді ғой. Соны ойлап, тез арада кірдім, алып шықтым. Құтқардым өмірін. Ондай кезде ойланып тұрмайсың. Уақыт жоқ ойланатын", - дейді учаскелік полиция инспекторы Ержан Бексолтанов. 

Ержан Бексолтановты басшылары өзге әріптестеріне үлгі етіп отыр.

"Өз басы тәртіпті, жұмыскер, тек жақсы жағынан көрсетеді өзін өзі. Осындай жағдайда міне өрттен адам құтқарып отыр. Ондайға екінің бірі бара бермейді", - дейді Успен аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсет Садықов.

Аудандық полиция бөлімінің басшылығы қызметкерін қандай да бір марапатқа ұсыну жағын қарастырып жатыр. Қазақстан полициясының беделі қызметіне адал осындай азаматтардың қолында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети