Павлодар облысында әйелді бір ұрып есінен тандырған ер адам ұсталды

03 Қыркүйек 2015, 16:00
0
Павлодар облысында әйелді бір ұрып есінен тандырған ер адам ұсталды - Видеодан алынған кадр. © Tengrinewstv.kz
Видеодан алынған кадр. © Tengrinewstv.kz

Павлодар облысында әйелді бір ұрып есінен тандырған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews TV.

Айта кетейік, ішімдікке тойып алған ер адамдардың төбелесін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видеоның авторы Руслан Климның мәліметінше, оқиға 31 тамыз күні кешке Черноярка ауылында болыпты. Сөзге келіп қалған екі ер адам көшеде төбелес ұйымдастырған. Жанжалға бір әйел араласпақшы болды, ер адамдардың бірінің әйеліне ұқсайды. Бірақ оның жолдасын ашуға булықтырған ер адам еш ойланбастан әйелді бар күшімен ұрып, есінен тандырды. Видео авторының айтуынша, әйелді жедел жәрдем алып кеткен.

Кейін ер адам ұсталды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Сәуле Мусинаның айтуынша, полиция "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Әйелді ұрған ер адам ұсталып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді. Сонымен қатар, зардап шеккен әйелге операция жасау қажет болғаны анықталды. ІІД мамандары әйелдің қаза тапқаны туралы Интернетте тараған ақпаратты жоққа шығарды. Қазіргі таңда әйелдің өміріне қауіп жоқ. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай