03 шілде 2014 14:52

Павлодар облысында балалардың қандай тағамнан ұшынғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Павлодар облысындағы лагерьде балалардың жаппай улануының себебі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің жетекшісі Ирина Сорокинаға сілтеме жасап. Балалар винегрет пен макароннан ұшынып кеткен болып шықты.


Павлодар облысындағы лагерьде балалардың жаппай улануының себебі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің жетекшісі Ирина Сорокинаға сілтеме жасап. Балалар винегрет пен макароннан ұшынып кеткен болып шықты.

"Балалардың астан улануына бұзылған азық-түлікті жеуі себеп болды. Зертханалық сынақ барысында балаларға берілген винегрет пен макаронда ішек таяқшасы мен шартты патогенді ішек микрофлорасының қалыпты мөлшерден көп болғаны анықталды", - деп хабарлады Сорокина. 

Оның айтуынша, тағамды әзірлеген кезде технологиялық процесс бұзылған және ас әзірлеу блогы қызметкерлері жеке бас гигиенасын сақтамаған. Лагерьде толық ауқымды тексеріс жүріп жатыр. Бас прокуратура сауықтыру лагерінде толық ревизия жүргізуге рұқсат алды, республиканың бас санитар дәрігерінің тиісті бұйрығы да бар. Мұнда аз қамтылған отбасы балалары мен жетім бүлдіршіндер демалып жатқан. 140 бала қазір үйлеріне қайтарылды. Зардап шеккен оқушылар емдеу курсынан өтіп, ауруханадан шығуға әзірленіп жатыр.

Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің санитарлық-гигиеналық қадағалау департаментінің мәліметінше, бұл лагерьде осыған дейін де заңбұзушылықтар жүйелі түрде анықталып, оларды жою жөнінде бірнеше рет нұсқаулар берілген. Бірақ лагерь жұмысын жалғастыра берген. Еске салайық, Мичурино елді мекеніндегі "Электроник" балалар лагерінде 11 бала астан уланған болатын. 6-12 жас аралығындағы балалар ауруханаға жатқызылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети