05 желтоқсан 2016 13:56

Павлодар облысында бетперде киген бес адам зейнеткерлер отбасын тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© formanato.ru © formanato.ru

Павлодар облысында бетперде киген бес адам зейнеткерлер отбасын тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД сілтеме жасап. 


Павлодар облысында бетперде киген бес адам зейнеткерлер отбасын тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД сілтеме жасап. 

Жедел мәлімет бойынша, ұрлық Павлодар облысының Айнакөл ауылында болған. Ұрылар үйде зейнеткерлер мен олардың туыстары болғанына қарамастан, өз ойларын іске асырған. "Бетперде киген бес адам зейнеткерлердің үйіне кіріп, қолында тапаншаға ұқсас затпен қорқытып ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған", - деді Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Ұрлық болған кезде үйде зейнеткерлерден басқа олардың туыстары болған. Нақтыланбаған мәліметтер бойынша, шабуыл жасағандардың бірі "Күзет" күзет фирмасының қызметкері, екіншісі полиция қызметкері. 

Алайда полициядағылар, осы қылмысты істеген уақытта ұрылар жұмыссыз болған. "Ұрылардың бірі полиция қызметкері болды деген мәлімет бізде жоқ. Ұсталғандардың барлығы Ақсу қаласының тұрғындары. Мүмкін олар бұрындары жұмыс істеген шығар, бірақ осы қылмысты істеген уақытта олар, яғни бесеуі де жұмыссыз болды", - өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Бір топ адамның қарақшылық шабуыл дерегі бойынша, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот оларды екі айға қамауға санкция берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети