Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодар облысында далалық алқап пен саяжайлар өртенді

25 Сәуір 2014, 10:31
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Павлодар облысында далалық алқаптар өртенді, жалпы ауданы 1500 гектардан асатын жер жанып кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 сәуір күні сағат 03.00 шамасында Ертіс ауданындағы Амангелді ауылдық округінің Аққуатқан елді мекені маңында далалық жер өртенді. Жалын бір тәулікке жуық уақыт бойы жайылған. Тілсіз жауды Амангелді ауылдық округінің өртке қарсы ерікті құрылымдары (10 адам, бір техника) сағат 18.15-те толық залалсыздандырды. Өрттің 1500 гектарды шарпығаны белгілі болды. "Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген министрліктің хабарламасында.

Дәл осы күні Павлодар қаласы аумағындағы "Энтузиаст" бағбандар қоғамына қарасты 39 учаскеде қураған шөп пен қамыс өртенді. Өрттің салдарынан саяжайлардағы 18 үйшікке зақым келді. Зардап шеккендер жоқ. "Өртті ауыздықтауға Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 21 адам мен өртке қарсы қызметтің 8 техникасы жұмылдырылды. Өртенген аудан - 3,5 гектар", - делінген хабарламада.

Мамандардың мәліметінше, бұдан бір күн бұрын Қостанай облысының Дәңгербай елді мекенінде орманды-далалы алқап отқа оранды. 59 гектар жер өртенді, оның 25 гектары - орман. Жалын бір тәуліктен соң залалсыздандырылды. Адам шығыны жоқ.


 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай