17 шілде 2014 09:42

Павлодар облысында ер адам әйелінен айырылған соң өзін-өзі өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Павлодар облысында ер адам сүйіктісі кетіп қалған соң өзін-өзі өртеп жіберген, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Павлодар облысында ер адам сүйіктісі кетіп қалған соң өзін-өзі өртеп жіберген, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Бұл оқиға Павлодар облысындағы Қаражар ауылында болған. Сүйіктісінің өзін тастап басқаға кететінін естіген ер адам өзін-өзі жағып жіберген. "Әйелі тастап кеткеннен кейін ер адам өзіне өзі қол салмақ болған. Әйелін өзімен бірге қалуға көндіре алмаған 25 жастағы жігіт үйінің ауласында үстіне жанармай құйып, сіріңке тұтатып жіберіпті", дейді баспасөз қызметіндегілер. 

Полиция қызметкерлерінің айтуынша ер адам өзінің үстіне 7 литр жанармай құйып жіберген. Ер адамның жанып кетуіне оның туыстары жол бермеуге тырысты, отты тез арада сөндіргенімен отқа оранған ер адамның киімдері түгелдей жанып кеткен, денесінің бірталай жері күйіп қалды. Өз-өзіне қол салмақ болған азамат жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша оның денесінің 80-85 пайызын күйік шалған. Жағдайы өте ауыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети