11 мамыр 2018 16:24

Павлодар облысында жол апатынан бір отбасы түгелдей қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен Сурет Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен

Павлодарда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі деп ұсталған адам кепілақымен босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодарда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі деп ұсталған адам кепілақымен босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі сот үкімі бойынша күдіктінің кепілақы төлеген күніне дейін қамауда болатынын айтады. 

"Біз сотқа күдіктінің қамауға алуын сұрады, алайда шешімді судья қабылдайды", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі. Полицейлер күдіктінің қазіргі уақытта қамауда екенін айтады. 

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі Екібастұз соты күдіктінің 500 АЕК (1,2 миллион) теңге төлеген жағдайында ғана босату туралы үкім шығарған. Тергеу аяқталғанға дейін ер адам кепілақымен босап шыға алады. 

Айта кетейік, үш адамның, оның ішінде екі айлық баланың өмірін қиған жол-көлік оқиғасы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. Қайтыс болғандардың туыстары әділ тергеу жүретініне үміттенеді. 

Еске салайық, 6 мамырда Павлодар - Қызылорда тасжолында жол апаты болды. 59 жастағы Toyota жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші 41 жастағы ер адам, 36 жастағы жары және екі айлық нересте алған жарақатынан қайтыс болды. Полициядағылар жол апаты болған кезде ұсталған жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны анықталғанын хабарлады. Осы дерекке қатысты ҚР 345-бабының 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынған, ал оның көлігі айып тұрағына жеткізілген. 

Қайтыс болған жұп азаматтық некеде болған. Олар Астана қаласында тұрған. Оқиға болған күні олар Павлодарға кетіп бара жатқан. Нәресте арнайы балалар креслосында отырған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети