15 желтоқсан 2019 18:08

Павлодар облысында жол апатынан екі көлік өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жол апатынан екі көлік өртеніп кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала және үш ересек адам зардап шекті, - еп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазавтожол" ҰҚ"АҚ баспасөз қызметінің өкілі Маржан Ордабай.


Павлодар облысында жол апатынан екі көлік өртеніп кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала және үш ересек адам зардап шекті, - еп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазавтожол" ҰҚ"АҚ баспасөз қызметінің өкілі Маржан Ордабай.

Жол апаты Ленин - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ажар автожолыны 2-шақырымында 3:15-те болған. Алдын ала мәлімет бойынша, "Газель" маркалы автокөліктің жүргізушісі солға бұрылған, осы кезде артынан келе жатқан Audi озып өтпекші болған. Қатты соққыдан неміс көлігінің капотынан өрт шыққан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ (@kazautozhol)

"Құтқарушылар екі минут ішінде адамдарды көліктерден алып шығып, жедел жәрдемге қоңырау шалған. Екі бала мен әйел, сондай-ақ екі жүргізушіні әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға алып кетті. Кейін бір баланы үйіне қайтарды", - дейді Маржан Ордабай. 

Облыстық жедел жәрдем станциясы дәрігерлерінің мәліметінше, жеті адам зардап шеккен, оның ішінде екі бала 2015 және 2017 жылы дүниеге келген. Зардап шеккендер әртүрлі жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Аймақтық ТЖД ақпараты бойынша, оқиға орнында екі техника мен өрт сөндіру қызметінің тоғыз қызметкері, сондай-ақ полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Апат себептері мен жағдайлары анықталып жатыр.


Куәгерлер суреті

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети