10 қараша 2016 12:17

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодар облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол апаты Екібастұз - Павлодар тас жолындағы Төртқұдық ауылының маңында болған. Lada Priora көлігін басқарған 41 жастағы жүргізуші Shacman маркалы жүк көлігіне соғысқан. Жүк көлігін 31 жастағы ер адам басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тапқан. 

Тағы екі адам ауруханаға түскен, сол жерде тағы бір қыз көз жұмды. Қайтыс болған әйел шамамен 30 жаста. Әзірге оның кім екені анықталмаған. Қаза тапқандардың барлығы жеңіл көліктің салонында болған. 

Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, Павлодардың № 1 ауруханасына 1975 жылғы ер адам түскен. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінен травматалогиялық бөлімге ауыстырылған. Оның жағдайын дәрігерлер орташа деңгейде деп бағалады.

Жол апатының неден болғаны анықталып жатыр. Кісі өлімі болған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Барлық керекті сараптамалар тағайындалған. Көлік жүргізушісінің дене жарақаттарын алғаны хабарланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети