Павлодар облысындағы тас жолдарда 30-дан астам адам қар құрсауында қалды

27 Қараша 2014, 15:07
0
Павлодар облысындағы тас жолдарда 30-дан астам адам қар құрсауында қалды - ©emer.gov.kz
©emer.gov.kz

Павлодар облысындағы тас жолдарда 30-дан астам адам қар құрсауында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана - Семей бағытында жүріп келе жатқан Mercedes автобусының жолаушылары қар құрсауында қалып қойды. Автобус Екібастұз - Шідерті жолындағы Бәйет ауылының маңында жол шетіне шығып қалды. Оқиға кезінде салонда 20 жолаушы болған. Оларды эвакуациялау үшін Екібастұз автобекетінен автобус жөнелтілді.   

Бірнеше уақыт өткенде осы аймақта бір жүк көлігі, екі сағат өткенде тағы да Niva Chevrolet автокөлігі жол жиегіне шығып қалған. Оның салонында төрт адам болды. Қар құрсауында қалған адамдарды құтқарушылар аман алып қалып, автокөліктер сапарын жалғастырды. 

Үш адам және бір жасар сәби Павлодар - Ақтоғай автожолында құтқарылды. Сонымен қатар, Mazda көлігі де жолдан шығып қалды. Павлодар - Екібастұз тас жолында тағы да үш адам қалып қойды. Көлігі бұзылған адамдар аяздан қаза бола жаздаған. Бірақ ТЖД мәліметінше, барлық оқиғада, абырой болғанда, қаза тапқандар мен жапа шеккендер болмады. Құтқарушылар облыс тұрғындарын ауа райының бұзылған кезеңінде қандай көлік болмасын, алыс сапарға шықпауын сұрап жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай