12 мамыр 2015 12:24

Павлодар полицейлері 87 жастағы мүгедек кейуананы өрттен құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pavlodarnews.kz © pavlodarnews.kz

Полицейлер 87 жастағы кейуананы өрттен құтқарды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz Павлодар облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің маманы Сәуле Мусиноваға сілтеме жасап.


Полицейлер 87 жастағы кейуананы өрттен құтқарды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz Павлодар облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің маманы Сәуле Мусиноваға сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, Павлодар облыстық ІІД АП-670 экипажының құрамындағы полиция сержанттары Асылбек Мұхтизаров пен Нұрсұлтан Әбдірахманов Кутузов көшесі 204-үйдегі пәтерде болған өрттен 87 жастағы мүмкіндігі шектеулі азаматшаны құтқарды. Тәртіп сақшылары көпқабатты үйдегі пәтердің түтінге оранғанын күндізгі сағат 14.00 байқап қалған.

"Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер қызыл жалын шарпыған пәтерден шошып қалған егде жастағы әйелді сыртқа шығарды. Кейін олар тұрғын үйдің 10 қабатын аралап, азаматтарды сыртқа шығу қажеттілігін ескертті. Сонымен қатар 22 адамды сыртқа шығарды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, қазіргі таңда ведомство басшылығы төтенше жағдайда адам құтқарған полиция қызметкерлерін ынталандыру жөнінде шешім қабылдап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оралда полицейлердің ер адамды өрттен құтқарып алғаны хабарланған болатын. Аға лейтенант Мұхит Әбілқайыровтың айтуынша, өрт туралы оларға көшеде кетіп бара жатқан адам хабарлаған. "Оқиға орнына келген кезде көпқабатты үйдің терезесінен шығып жатқан өртті аңғардық. Үйге кіру мүмкін болмаған соң терезе арқылы кіруді ұйғардық. Үйге кірген кезде есіктің кілтін таба алмай, есінен танып құлаған ер адамды байқап, сырқа балкон арқылы алып шықтық", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети