19 маусым 2015 08:19

Павлодар тұрғыны өгей қызын алты жылдан бері зорлап келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Om1.ru ©Om1.ru

Павлодар тұрғыны өгей қызын алты жыл бойы зорлап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодар тұрғыны өгей қызын алты жыл бойы зорлап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот өкілдерінің мәліметінше, Павлодардың 40 жастағы тұрғыны бұл іске өз әйелінің үйде жоқтығын пайдалану арқылы барған. Ол бірінші рет 2008 жылы қыз 8 жаста болғанда зорлаған. "Жатын бөлмеде өгей қызының кәмелетке толмағанын біле тұра опасыз тілегін қанағаттандыру мақсатында қыздың қорғансыздығын пайдаланып, ұзақ уақыт бойы сексуалдық мәндегі әрекет жасаған", - делінген хабарламада.

Тергеу кезінде ер адамның 2008-2014 жылдар арасында кәмелет жасына толмағандарды зорлау ісінде 25 эпизод бойынша айыпталғаны анықталып отыр. Соттың үкімімен Павлодар тұрғыны 14 жасқа толмаған қызға қатысты зорлық мәндегі әрекет жасау бойынша айыпты деп танылды. Ол қатаң режимдегі колонияға 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Атырау облысының Қызылқоға ауданының тұрғыны өзінің қарындасын 2012 жылдан бері зорлап келгені хабарланған болатын. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети