Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Павлодарда 8-сынып оқушысы кішкентай баланы өрттен құтқарды

20 Ақпан 2015, 22:55
0
Зейнеп Қабылбек. Фотоны Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Зейнеп Қабылбек. Фотоны Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Зейнеп Қабылбек. Фотоны Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Зейнеп Қабылбек. Фотоны Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Павлодарда 8-сыныпта оқитын қыз бала төрт жасар баланы жанып жатқан пәтерден алып шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

20 ақпан күні Ленинский кентіндегі №33 орта мектептің оқушысы Зейнеп Қабылбек басы ауырғандықтан сабаққа бармай, үйде қалған. Сағат 12.00 шамасында жолдың арғы жағында тұратын көршілері хабарласып, пәтерлердің бірінен түтін иісі шығып жатқанын айтады. Зейнеп алдымен өртке қарсы қызметке хабар береді де, жанып жатқан үйге қарай жүгіреді. Жабық тұрған пәтердің терезесінен кішкентай баланы көреді.

Бала кіреберіс есікті ашпақ болып, жұдырығымен есікті соққылап тұр екен. Қыз есікті әупірімдеп ашып, кішкене баланы далаға шығарды. Кейін оны өзінің үйіне әкелді. "Бала қатты шошып қалған. Зейнептің айтуынша, баланың жүрегі айныған. Ол оны жұбатып, жуындырып, сүт берді", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген дәрігерлер Әлихан Сұлтанғазиевті облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөлімшесіне өртенген заттардан улану диагнозымен жатқызды. Өртсөндірушілер болса, екі пәтерлі тұрғын үйдің үш бөлмелі пәтерінің бес шаршы метрі өртенгенін анықтады. Алдымен төсек өртеніп, кейін от пластика терезелерге ауысқан. 

Қарауыл бастығы Мұрат Бектасов баланың өмірін Зейнептің батыл әрекеті құтқарып қалғанын атап өтті. Мамандар төтенше жағдайлар ведомствосы басшылығына оқушыны баланы құтқарғаны үшін марапаттау жөнінде өтініш жолдайтын болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай