02 қазан 2015 16:54

Павлодарда әкесі мен баласын көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vladtime.ru © vladtime.ru

Павлодарда жүргізуші ер адам мен оның 12 жастағы ұлын қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда жүргізуші ер адам мен оның 12 жастағы ұлын қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Toyota Windom автокөлігін басқарған 1993 жылғы жүргізуші Суворов пен Муялдинская көшелерінің қиылысында 38 жастағы ер адам мен 12 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Әкесі мен баласының жолда жаяу жүргіншілерге арналған жерден өтпекші болғандары анықталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Адамдарды қағып кеткеннен кейін жүргізуші рульге ие бола алмай, бағанға барып соғылды. Салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, ал әкесі ауруханаға жатқызылды. Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жүргізуші де ауруханаға түсті.

"Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді ведомстводағылар. Автомобиль айып тұрағына қойылды. Тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети