15 ақпан 2018 14:28

Павлодарда автокөлік бағанаға соғылып, өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Павлодар орталығында автокөлік бағанға соғысып, толығымен өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар орталығында автокөлік бағанға соғысып, толығымен өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Ломов-Сәтбаев көшелерінің қиылысында болды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Estima маркалы көліктің жүргізушісі бағанға соғысқан, артынша өрт шыққан. 

"Жүргізушінің жүргізу құжаты болмағаны анықталды. Қазіргі уақытта осы іске қатысты ("Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы, Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер") әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Жүргізушіге алпыс айлық есептiк көрсеткiш (60 АЕК) мөлшерiнде айыппұл салынуы мүмкін. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі көліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны өртенгенін хабарлады. Өрт аумағы - 6 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісінде жарияланды. Видеоның жазбасында, нақтыланбаған мәлімет бойынша, өртенген автомобильдің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің қудалауынан қашып келе жатқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети