Павлодарда автоцистерна жарылды: Бір адам зардап шекті

24 Қазан, 09:35
0
Павлодарда автоцистерна жарылды: Бір адам зардап шекті - Фото pavlodarnews.kz сайтынан
Фото pavlodarnews.kz сайтынан

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам зардап шекті, - деп хабарлайды Елорда Инфо

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметі бойынша, қайғылы жағдай Павлодар қаласының Транспортная көшесінде болған. Салдарынан 1968 жылғы ер адам түрлі жарақаттармен №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

"23 қазан күні сағат 17:53-те "101" пультіне бокста автоцистернаның жарылысы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер мен құтқару бөлімшелері келген сәтте жарылыс салдарынан шатырдың құлағанын және 8 шаршы метр аумақта автоцистернаның өртенгенін анықтады. Құтқарушылар үйіндінің астынан зардап шеккен ер адамның денесін алып шықты. Өрт сағат 18:27-де сөндірілді, - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде.

Алдын ала болжам бойынша, 250 шаршы метр құлаған. Үйінділерді бөлшектеу жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамынан 30 адам және жеті техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері бокс аумағына қоршау орнатты.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, жарылыс болған жерде медициналық апаттар орталығы кезекшілігін жалғастырып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай