11 қараша 2014 16:47

Павлодарда бірқазанды жәбірлеген адамға рақымшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Анатолий Балашов ©Анатолий Балашов

Павлодарда жаралы бірқазанды жәбірлеген адамға рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін Интернетте бірқазанның моторлы қайықпен қуалап келе жатқан ер адамдардан қашқаны бейнеленген видео пайда болған еді. Қызыл кітапқа енген құсты олар ұстап алып, суретке түседі.


Павлодарда жаралы бірқазанды жәбірлеген адамға рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін Интернетте бірқазанның моторлы қайықпен қуалап келе жатқан ер адамдардан қашқаны бейнеленген видео пайда болған еді. Қызыл кітапқа енген құсты олар ұстап алып, суретке түседі.

28 жастағы Евгений Хлыстунға қатысты "Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн жою және заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау, сол сияқты олар мекендейтiн жерлердi жою" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Сот Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай рақымшылық жариялау туралы заңға байланысты сотталушы Евгений Хлыстунды босату туралы қаулы шығарды. Оған қатысты қылмыстық істі тоқтатылсын", - деп мәлімдеді Павлодарлық аудандық сот судьясы Амангелді Ищанов. Мұнымен қатар, прокуратураның 467 мың 200 теңге көлемінде моральдық шығым төлеу туралы азаматтық шағымы қарастырусыз қалдырылды. Сотталушыға рақымшылық жасау туралы өтініш берген Адвокат Руслан Жанқобаевтың айтуынша, бірқазанды жәбірлеу бейнеленген бейнетаспа 2008 жылы жазылған.

Жәбірленген тараптың өкілі, Павлодар облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы Қабидолла Сұханқұлов өз кезегінде бұған күмән келтірді. Мұнымен қатар, ол бірқазанның жәбірлеуге дейін жаралы болғанын мәлімдеді.

Ер адамдар мінген қайық байқатпайтын түсте болды. Мұндай қайықтар сатылымға өткен жылдан бастап шықты. Біздің балық инспекциясының мамандары бұл қайықтың өзеннен өтіп бара жатқанын көрді. Осыдан кейін құс жоғалып кетті. Бұл құс осы жылы Павлодар аймағында құтқару станциясына қарама-қарсы жылы суда болды. Жыл құстарының ұшып кетуі кезінде ол жаралы болған. Оны қоректендірілетін, адамдардан қорықпайтын, содан кейін ол жоғалып кетті. Құсты жәбірлеп, өлтіру дерегі 2008 жылы болды деген сөзге біз күмәндіміз", - деді Сұханқұлов.

Ол соттың ер адамды рақымшылық ету туралы шешіміне шағым келтірілетінін айтты. Оның айтуынша, қазір жәбірленген бірқазанның қайда екені белгісіз. "Бұл бірқазанның алдағы тағдыры жайлы біле алмаймыз және сотталушының құсқа ештеңе болмады деген сөзіне сену өте қиын. Келтірілген моральдық шығын мемлекетке міндетті түрде төленуі керек", - деді Сұханқұлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети