05 шілде 2017 09:31

Павлодарда екі жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Павлодарда екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Қайғылы оқиға 4 шілдеде шамамен кешкі сағат 21.00-де Химгородка ықшамауданында болған.

Куәгерлердің айтуынша, екі жасар бала 6-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Ол шыбын-шіркей торымен бірге құлап, үйдің алдындағы асфальтқа барып түскен. Көршілердің айтуынша, мерт болған баланың анасы сол кезде жұмыста болған. Ал бала үйде әжесімен бірге болған.

"Ұлым мені жұмыстан күтіп, қарайлап отырған ғой", - дейді қаза болған баланың анасы.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері сол аумақты қоршауға алды. Қазіргі уақытта олар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұл Павлодарда жыл басынан бері болып отырған төртінші қайғылы жағдай. Барлық жағдайда балалар шыбын-шіркей торын ұстаймын деп құлап кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети