27 шілде 2018 17:33

Павлодарда ер адам 10 қабатты үйдің балконынан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 40 жастағы ер адам 10 қабатты үйдің балконынан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.


Павлодарда 40 жастағы ер адам 10 қабатты үйдің балконынан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Қайғылы оқиға бүгін, 27 шілдеде түскі уақытта болған. Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері ер адамның жедел жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болғанын айтты.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам шамамен 40 жаста болған. Оның аты-жөні мен нақты қанша жаста болғаны анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам 5-қабаттан құлап кеткен.

"Біз үшінші қабатта тұрамыз. Жоғарғы қабаттан ұшып өтіп, етпетінен түскендей болды. Ал терезеге жақындап қарағанда - ағаштардың арасында адамның жатқанын көрдік", - дейді тұрғындардың бірі.

Ер адамның мәйіті үйдің маңынан табылған. Қазіргі уақытта ол аумақ қоршауға алынды. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети