1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Павлодарда ер адамды тепловоз жаншып өткен

Телеарна сюжетінің кадрынан Телеарна сюжетінің кадрынан

Павлодарда белгісіз ер адам тепловоздың астына түсіп қаза тапты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарна мәліметі бойынша, сұрыптау станциясы орналасқан шойын жол бойындағы қайғылы оқиға таңғы сағат сегіз шамасында болған. Марқұмның денесін шығарып алуға құтқарушылардың салмағы 100 тоннадан асатын тепловозды көтеруіне тура келіпті.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, азамат темір жолда тұрған тауар таситын вагондардың астынан кесіп өтуге талпынған. Сол сәтте пойыз орнынан қозғалып, тепловоз қас-қағым сәтте жаншып өтіпті. Қазір полицейлер марқұмның кім екенін анықтап жатыр.

"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеті минутта жеткен. Құтқарушылар да уақытында келіп, денені алып шықты. Өкініштісі, жедел жәрдем бригадасы оның сол сәтте жан тапсырғанын анықтады. Марқұм туралы ешқандай ақпарат жоқ. Кескін-келбеті еуропалық тектес, жасы 40 шамасындағы азамат", - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай.

Доллар арзандады
Доллар арзандады