Павлодарда инкассатор мен автомобильдің соғысуынан төрт адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда инкассатор мен автомобильдің соғысуынан төрт адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қала орталығында 7 маусымда кешкі уақытта жол апаты болды. "Қайырбеков - 1 Май көшелерінің қиылысында УАЗ-3962 автокөлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz автомобилімен соғысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан инкассатор автомобилінің жүргізушісі мен жеңіл көліктің 25 жастағы жүргізушісі ауруханаға түскен. Осы дерекке қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
© youtube/Анастасия Пятакова
Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер жол апаты болған жерден ауруханаға төрт адам түскенін айтты. Оларды Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізген.
"Бір адам ауыр халде жатыр. Тағы үш адамның жағдайы орта деңгейдегі ауыр деп бағаланады", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Махаббат Мұхаммадиева.
Сурет vk.com/Типичный Павлодар
Куәгерлердің айтуынша, инкассатор көлігі неміс көлігіне жол бермеген. Күшті соққыдан Mercedes-Benz жолдың жиегіне шығып қалған, ал инкассатор көлігі аударылған. Полиция мәліметінше, инкассатор көлігі "Қазпошта" АҚ филиалына тиесілі екен.
Инкассатор қызметінің мамандары өз бағытымен жүріп бара жатқан. Көлікте үш адам болды, оның ішінде жүргізуші де бар", - деді "Қазпошта" АҚ өкілі Николай Воронцов.
© Денис Трофимов
Айта кетейік, оқиға орнында түсірілген суреттер мен видеолар Интернетте пайда болды. Пікір қалдырушылар инкассатор көлігіне шабуыл жасалған болуы мүмкін деп болжады.
© Денис Трофимов