15 маусым 2014 14:27

Павлодарда жарылыстан автокөлік боксы өртеніп, бір адам мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Павлодарда газ баллон жарылуының салдарынан автокөлік боксы өртеніп, бір адам мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодарда газ баллон жарылуының салдарынан автокөлік боксы өртеніп, бір адам мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шұғыл ақпаратқа сүйенсек, жекеменшік кәсіпорындардың біріндегі көлікті тексеріп қарау орнынан өрт тұтанған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кезінде ғимаратта дәнекерлеу жұмысы жүріп жатқан. 

Мекеменің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, жеке кәсіпорындардың біріндегі автокөлік боксы өртеніп жатқаны туралы хабар сағат 17:49-да түскен. Ғимараттың ішінде көлік өртенген. Оқиға болған жерден фирма жұмысшысының мәйіті табылған. Тағы бір ер адам оқиға орнынан аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Оның денесі 70 пайызға күйіп қалған.  

Ресми дерек бойынша, көлікті тексеріп қарайтын орында жеңіл көлік пен КамАЗ өртенген. Тағы жеті жүк көлігі қауіпсіз жерге көшірілген. 

Қазіргі таңда өрттің себебі мен келтірілген шығыны анықталу үстінде. Оның бір себебі, дәнекерлеу жұмысы барысында текникалық қауіпсіздікті сақтамаудан болуы мүмкін екендігі айтылуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети