23 қазан 2017 13:10

Павлодарда жол апатынан полицейлер мінген көлік аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Павлодарда жол апатынан полицейллер көлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда жол апатынан полицейллер көлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Короленко және Люксембург көшелерінің қиылысында болды. Оқиға орнында түсірілген суретті әлеуметтік желі қолданушысы жариялады. Видеода полицейлер көлігі аударылып жатыр және Mazda маркалы автокөлік бүлінген. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Mazda жүргізушісі қосалқы жолмен келіп полиция автомобиліне соқтығысқан. "Жол-патрульдік полиция батальонының автокөлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүріп жатыр", - деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлер де оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Жол апатына дейін дәл осы полицейлер пышақ жарақатын алған жәбірленушінің шақыртуына келген.  

"Оқиға орнында қызметкерлер жедел жәрдем шақырған. Оның келуін күтіп, қызметтік көлік жедел жәрдем көлігін ауруханаға дейін жанамалап жеткізген. Көлік арнайы жарық дыбыстық сигналын қосып бара жатқан. Жол апаты салдарынан 28 жастағы қызметтік көліктің жүргізушісі зардап шекті: дене жарақатын алған және миы шайқалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр", - деді өңірлік полиция баспасөз қызметінің өкілдері. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына Mazda маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі кінәлі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети