28 қыркүйек 2015 14:00

Павлодарда клиенттерінен 100 миллион теңгені алдап алған валюташы мойнын тіліп тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Клиенттерін алдап, жүз миллион теңгені қолды қылған валюташы өзінің мойнын пышақпен тілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Клиенттерін алдап, жүз миллион теңгені қолды қылған валюташы өзінің мойнын пышақпен тілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 60 жастағы күдікті ақша айырбастаумен айналысып, азаматтардың сенімін пайдаланып, олардан ірі көлемде ақша алған. Ол ақшаны тиімді жолмен айырбастап, үстіне пайызын қосып қайтаруды уәде еткен. Алайда ол ақшаны иелеріне қайтармапты.

"Алданған клиенттерінің полицияға барғанын естіген ер адам өзіне-өзі қол салуды ұйғарып, асүй пышағымен өзінің мойнын тілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі таңда ер адам полицияның күзетімен ауруханада жатыр. Өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, валюташы алаяқтық жолмен клиенттеріне шамамен 100 миллион теңге мүліктік залал келтірген. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"Полицияға зардап шеккен бес адам арызданды, бірақ алданғандардың саны одан да көп болуы мүмкін", - деді баспасөз қызметіндегілер. Ер адамға қатысты қолданылатын бұлтартпау шарасы мәселесі қаралып жатыр. Күдіктінің 15 жыл бойы ақша айырбастаумен айналысқаны және оның жеке ақша айырбастау пунктінің бар екені анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети