28 мамыр 2015 16:57

Павлодарда мәйітханада оянған зейнеткерге қатысты жаңа ақпараттар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ry.by © Ry.by

Павлодарда мәйітханада оянған зейнеткерге қатысты жаңа ақпараттар пайда болды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл оқиғаға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов мәлімдеме жасады.


Павлодарда мәйітханада оянған зейнеткерге қатысты жаңа ақпараттар пайда болды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл оқиғаға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов мәлімдеме жасады.

Қасымовтың айтуынша, төрт сағат бойы мәйітханада жатқан павлодарлық Евгений Гречконың "қайта тірілуі" мүмкін емес. Себебі мәйітханадағы ауа температурасы - минус 60 градус.

"Тубдиспансерде дүниеден өткен адамдар жеке мұзды камераларға өткізіледі. Стационар мен мәйітхананың арасына арнайы көлік арқылы қатынаймыз. Марқұмды мәйітханаға жібермес бұрын, оған ЭКГ жасалады. Дәрігерлер науқастың жан салғанын дәлелдесе, журналға бекітіп, жансыздардың бөлмесіне тапсырамыз. Төрт сағат бойы киімсіз минус 60 температурасында жатқан адамның қайта оянуы мүмкін емес. Евгений Гречконың қызы прокуратураға арыз жазғанына өкпеміз жоқ. Алдағы уақытты БАҚ өкілдеріне толыққанды ақпарат таратамыз", - деді Қасымов.

Оның айтуынша, мәйітханада "қайта тірілді" деген науқас шынымен де төрт сағат бойы төсекте жатқан, тек жансақтау бөлімінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда жүрек талмасына ұшыраған зейнеткердің мәйітханада оянғаны хабарланған болатын. "Әкем жалаңаш күйінде суық жерде, мәйіттердің арасында оянғанын айтты. Ол айқайлауға оқталғанда екі санитар кіріп келген. Отырған әкемді көрген олар шыңғырып қашып кеткен. Кейін мейірбикелер келіп, әкеме халат кигізіп, жан сақтау бөліміне әкеткен", - деді науқастың қызы Ирина Гречко. Бұдан кейін Павлодар облыстық тубдиспансері мәйітханада үш күн жатып "тірілген" 68 жастағы зейнеткер жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети