Павлодарда 13 жастағы Анна Сабурова іздестіріліп жатыр. Ата-аналарының айтуынша, қыз бала торт сатып алуға кетіп, қайтып оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда 13 жастағы Анна Сабурова іздестіріліп жатыр. Ата-аналарының айтуынша, қыз бала торт сатып алуға кетіп, қайтып оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше, 12 шілдеде жолдасыммен үйлену мерейтойымыз болды. Қызым таңертеңнен бастап, кешке тосынсый болатынын айтты. Үйді шарлармен безендірді. Сағат үш кезінде ол торт алуға кетті, содан кейін жаттығуға баруы керек болған. Аня бокспен шұғылданады. Алайда ол бапкеріне хабарласып, отбасылық мерейтойға дайындалу үшін сұранып кеткен екен. Сағат жетіде әкесі қоңырау шалды, қызымыз тәтті нанға бара жатқанын және жақын арада болатынын айтты", - дейді қыздың анасы Оксана Сабурова.
Қыздың ата-анасы оның құрбыларына, таныстарына хабарласқан, сонымен қатар полицияға барып арыз берген. Қыз баланың телефоны сөндірулі, әлеуметтік желіге кірмеген. Қыздың өзінен үлкен таныс жігіті болуы мүмкін.
"Қызымыз еш уақытта жаттығудан қалған емес. Бұл жолы да үйден шығарда сөмкесін алып кетті. Неге дайындықтан бас тартқаны белгісіз", - деді Сабурова. Полицейлермен бірге жергілікті еріктілер қызды іздестіріп жатыр.
Қыз бала қаладағы мектептердің бірінде оқиды. 4 шілдеде оның жасы 13-ке толған. Жоғалып кеткен күні ол қара джинс, көк түсті жейде мен қара макасин киген. Сонымен қатар, оның қара сөмкесі болған.