27 қыркүйек 2016 14:03

Павлодарда сабаққа кеткен мектеп оқушысы ізім-ғайым жоғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда сабаққа кеткен мектеп оқушысы жоғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде пайда болған мәліметке қарағанда, павлодарлық 2003 жылғы Айгерім Рахиман 26 қыркүйекте түскі сағат 14.00 шамасында жоғалған. 

Оқушы мектептен шығып, бүгінге дейін үйіне оралмаған. "Қыз әдеттегідей сабақта болды, кейін күйіне кетті. Одан кейін біз оны көрмедік", - деді Павлодардағы №19 орта мектебінің өкілдері. 

Айта кетейік, Айгерім Рахымхан бұл мектепте биылғы оқу жылынан бастап оқып жатыр. Бұған дейін ол басқа мектепте оқыпты. "Жаңадан келген қыз, үш аптадан сәл көбірек оқыды. Ата-анасы, жанұясы бар. Момын, үлгерімі жақсы, сыныптастарымен жанжалдаспаған", - деп хабарлады мектептегілер. 

Өңірлік полиция департаментіндегілер оқушы қыздың жоғалғаны туралы дерекке қатысты түсінік бермеді. Қыз қара спорт киім, алқызыл кеда және көк күрте киген. Джинс сөмке асынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети