Павлодарда сәбиін бейтаныс жігітке "сыйлап" кеткен қыз ұсталды

14 Қараша 2014, 16:46
0
Павлодарда сәбиін бейтаныс жігітке "сыйлап" кеткен қыз ұсталды - ©REUTERS
©REUTERS

Павлодарда емшектегі баласын алғашқы кездесуге алып келіп, жігітке тастап қашып кеткен қыз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. Жас келіншектің айтуынша, бұл іске ол тұрмыс жағдайына байланысты барған.

Полицияның мәліметі бойынша, 19 жастағы қыз автовокзал ауданында өткізілген іздеу шаралары кезінде ұсталды. Екібастұз қаласының тұрғыны Павлодар қаласына жұмыс іздеп келіпті. Оның қиын тұрмыстық жағдайға қалай түсіп қалғаны хабарланбай отыр. Осы дерек бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, баласын бөтен адамға тастап кеткен ананың аты-жөні ол қалдырып кеткен қаптың ішіндегі киімдердің арасындағы банк картасының арқасында анықталды. 

Еске сала кетейік, қыз жігітпен танысып, ол оны кездесуге шақырған. Қыз бірінші кездесуге сегіз айлық сәбиін және оның киімі салынған қап әкеледі. Бір сәтте қыз сәбиін көтере тұруды сұрайды. Ер адам келіседі. Ол қызын жігіттің қолына ұстатқан бетте қабын тастай салып, қашып кеткен. Жігіт қыздың келуін күтпей, полицияға барып тастанды бала туралы айтып берген. Қазіргі уақытта сәби балалар орталық ауруханасында. Оны дәрігерлер қарап, денсаулығына еш зиян келмегенін айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай