01 ақпан 2017 12:06

Павлодарда төрт оқушы сабақ үстінде талып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында алтыншы сыныптың төрт оқушысы сабақ үстінде талып қалып, ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап. 


Павлодар облысында алтыншы сыныптың төрт оқушысы сабақ үстінде талып қалып, ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап. 

Павлодар облысындағы Парамоновка ауылындағы орта мектепте төрт оқушы қыз сабақ үстінде есінен танып қалған. Олар дереу Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілген. 

"Оқушылардың айтуынша, олар мектепте жүргенде талып қалған. Неден екенін білмейді. Ауруханаға жеткізілген кезде жағдайлары түзелді. Бір қыз басының ауырғанына шағымданды. Дәрігерлер оны тексеріп, ангинасының іріңдегенін анықтады, осыдан кейін ол инфекциялық бөлімге жатқызылды. Қалғандары тексерістен кейін үйге жіберілді", - дейді облыстық басқарма өкілдері. 

Дәрігерлер қыздардан барлық қажетті сараптама алынғанын айтады. "Ешқандай ауытқушылық, асқынғандық анықталмады. Үш оқушы бүгін таңертең үйге жіберілді", - дейді басқарманың баспасөз қызметінің өкілдері. Ал Ақсу қаласының білім басқармасы қызметкерлерінің сөзінше, қыздар естерінен танбаған.

"Әр сыныпта оқитын оқушылар өздерін нашар сезінген. Бас ауруына шағымданған, дәрігерлер оларды қарап, ауруханаға жіберді. Медицина қызметкерлері гемоглобинның төмендегенін және қан тамырларының дистониясын анықтаған. Олар жалпы бөлімге жатқызылып, бір қыздан өзгесі таңғысын үйлеріне жіберілді. Мен ол мектепте болдым, ешкім есінен танған жоқ деп толық айта аламын", -  дейді Ақсу қалалық білім басқармасының жетекшісі Қайрат Смағұлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети