30 қараша 2017 12:47

Павлодарда трамвай басып кеткен оқушы қыздардың анасы 1,5 миллион теңге өтемақы талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамвай басып кеткен оқушы қыздардың анасы Павлодардағы науқас балаларға көмектесу үшін 1,5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Трамвай басып кеткен оқушы қыздардың анасы Павлодардағы науқас балаларға көмектесу үшін 1,5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты сот отырысы әлі жалғасып жатыр.

Бүгін сот отырысында зардап шеккен 8 жастағы Маралдың мүддесін қорғаушы қыздың анасының атынан моральдық шығын ретінде 1,5 миллион теңге өтемақы талап етіп жатқанын мәлімдеді. Қыздың анасы Шынар Уәлитованың айтуынша, ол ақшаны науқас балаларға аударады.

Осы мәселе бойынша шешім биыл 8 желтоқсандағы сот процесінде қабылданады.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети