17 тамыз 2015 16:25

Павлодарда үш айлық сәби ана сүтіндегі алкогольден уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sva-mama.ru © Sva-mama.ru

Павлодар облысында үш айлық сәби анасының сүтіндегі алкогольден уланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодар облысында үш айлық сәби анасының сүтіндегі алкогольден уланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, үш айлық қыз бала "Ауыр дәрежеде алкогольмен улану" диагнозы бойынша Ертіс ауданы Орталық ауруханасына жеткізілген. Жан сақтау шараларынан кейін сәби Павлодар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне жіберілді.

Баланың улану дерегін дәрігерлер Ертіс аудандық білім беру бөліміне хабарлаған.

"Ертіс аудандық білім беру бөлімі ауданның 28 жастағы тұрғынына қатысты қуыным бойынша азаматтық істі қарау кезінде оның алкогольді ішімдік ішіп, осыдан кейін үш айлық қызын емізгенін анықтады", - деді сот өкілдері.

Сот әйел адамның ісіне былай баға берді: ауыр дәрежеде алкогольмен улануға әкелген баланы тәрбиелеу кезіндегі ата-аналық құқықтары мен міндеттерін теріс пайдалану.

"Павлодар облысы кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен жәбірленуші баланың анасы ата-аналық құқығынан айырылды. Ол үш баласын "Ертіс аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырды", - деді сот баспасөз қызметіндегілер. Ол ана болу құқығынан жарты жылға айырылған.

Нәресте ауруханадан шыға салысымен Павлодар облыстық мамандандырылған Балалар үйіне жіберілді. Ол екі жастағы әпкесімен бірге сонда тұрады.

"Тамақтанғанға дейін нәрестенің жағдайы жақсы болған. Бұл отбасыдағы екі қыз да қазір бізде, олардың жағдайы жақсы. Дамуына еш кедергі жоқ", - деді Павлодар облыстық мамандандырылған Балалар үйінің директоры Бағдат Кембаев. Ол балалар келгеннен бері аналарының оларды іздемегенін айтты.

Ана болу құқығынан айырылған әйелдің бес жасар тағы бір қызы бар. Ол қазір Павлодар балалар баспанасында.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети